Түркістан облысының тұрғыны туысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
Түркістан облысының тұрғыны туысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауласында тұрған Poco X3 Pro телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 200 мың теңгеге жуық.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда көрсетілген мекенжайға келді. Олар осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Оны тәртіп сақшылары бір күн өтпестен, өзінің үйінен ұстады.
Анықталғандай, жас жігіт жәбірленушінің туысы болып шықты. Ол қарыздарын жабу мақсатында ұялы телефонды ұрлап, оны ломбардқа өткізіп жіберген. Ақшасын бас пайдасына жұмсаған. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.