Шымкентте Арыстан қонаққа келіп, із-түссіз жоғалып кеткен бала табылды
Шымкентте Арыстан қонаққа келіп, із-түссіз жоғалып кеткен бала табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына Арыс тұрғыны арызданды. Әйел өз сөзінде Арыс қаласынан Шымкент қаласына қыдырып келгенін, Арбат демалыс орнында қыдырып жүргенде 10 жастағы інісі аяқасты хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді.
Бұл жайтты Әл-Фараби аудандық полицейлер, бірден тіркеуге алып, қаланы білмейтін жеткіншекті іздеуге кіріседі.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, кәмелетке толмаған бала екі сағаттың ішінде сауда орталығынан табылды.
Інісімен аман-есен қауышқан әпкесі баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рақметін айтты.