Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада пробация қызметкерлері бірқатар игі іс жасады

Елордада пробация қызметкерлері бірқатар игі іс жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД Алматы ауданы пробация қызметінің есебінде тұратын сотталған К.-ге “Право” қоғамдық қорымен бірлесіп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты – аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мектеп жасындағы жасөспірімдердің мектепке баруына алдын ала көмек көрсету.

Сотталған К. кәмелеттік жасқа толмаған екі баламен жалғыз қалған. Жалғызбасты әкеге күнделікті өмірге қажетті азық-түлік пен тағы да басқа заттармен қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, ай сайын пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандармен бірге донорлық қан тапсырып тұрады. Жуырда ҚР ДМ Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірге берілген қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру