Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы ҚАЖД-да Халықаралық Нельсон Мандела күні атап өтілді

Қарағанды облысы ҚАЖД-да Халықаралық Нельсон Мандела күні атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық Нельсон Мандела күнін атап өтуге байланысты АК-159/7 мекемесінде келесі іс-шаралар өткізілді: осы тақырыпта түрлі-түсті қабырға газеттері дайындалды, сотталғандардың қатысуымен нұсқаулық бейнеролик түсірілді.

“Бейнероликтің мақсаты – бұл әр адам өз іс-әрекеттері үшін жауап беруі керек және бірдеңе жасамас бұрын оның салдары қалай болатынын түсінуі керек. Өйткені бұл әрекеттер оның бүкіл отбасына және болашақ өміріне әсер етеді. Бостандықтың құндылығы адам өзін еркін әрі жеке тұлға ретінде сезінгенде білінеді. Бостандық пен жауапкершілік өзара байланысты. Бостандықты бағалаңыз және өз әрекеттеріңіз үшін жауапты болыңыз”, – деді ведомство қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру