Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тас жолда 17 келі марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды

Атырауда тас жолда 17 келі марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау облыстық прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің және Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бірлесуімен аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау фактісін анықталды. Тәртіп сақшылары Атырау – Ақтөбе тас жолының 30-шақырымында Toyota Ipsum тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 17 келі болатын марихуана есірткі затын анықтады.

Аталған дерек бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасымен ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру