Елордада ҚАЖ мекемесінің жаңа басшысы тағайындалды
Елордада ҚАЖ мекемесінің жаңа басшысы тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бұйрығымен Нұрғали Әжіханов ЕЦ-166/10 мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Нұрғали Әжіханов құқық қорғау органдарындағы қызметін 2008 жылдан бастап сол мекемеде сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бөлім бастығы болып бастады. Осы жылдар ішінде ол осы мекемеде басшылық қызметтерде болды.
2017 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының орынбасары қызметін атқарды.