Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жәрдемақы алып беремін деп тұрғындарды алдаған түркістандық әйел қолға түсті

Түркістанда мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны шығарып беремін деп тұрғындарды алдаған әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150 мың теңгеден алған.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Хабар алысымен түркістандық полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алды. Осылайша жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, орта жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай, күдікті әйел қайтарымсыз ақша алып беремін деп үш тұрғыннан 150 мың теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру