СҚО полицейлері асыл тұқымды иттің ұрланған күшігін иесіне қайтарды
СҚО полицейлері асыл тұқымды иттің ұрланған күшігін иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан белгісіз қылмыскерлер түнде оның сарайының есігін бұзып, үш айлық асыл тұқымды күшігін ұрлағаны жайлы арыз түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПБ қызметкерлері “ізін суытпай” көрші аудан тұрғынының ұрлыққа қатысы барын анықтады. Екінші күдікті жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Күдіктінің екеуі де 19 жаста. Олардың біреуінде стаффорд күшігі болған, ұсталғанның айтуынша, ол танысына сондай күшікті алуға көмектеспек болып шешкен.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі (Ұрлық) 188-бабының үшінші бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Баптың саралауына сәйкес, тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық ауыр қылмыстарға жататынын атап өткен жөн, ол бойынша заңнамамен татуласуға тыйым салынған. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын еске саламыз, – дейді ауданның ПБ бастығының міндетін атқарушы Бейбіт Жұмағазин.
Күшік сол күні иесіне қайтарылды.