Қарағандыда көпқабатты үйлерден велосипед ұрлап жүрген күдікті ұсталды
Қарағандыда көпқабатты үйлерден велосипед ұрлап жүрген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Ол көппәтерлі үйдің кіреберісіндегі қойманың құлыпын бұзып, құны 75 мың теңге тұратын спорттық велосипедті белгісіз біреу ұрлап кеткенін хабарлады. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе бастады. Қала көшелерінің бірінде олар бірден екі велосипед алып жүрген азаматқа назар аударды. Олардың біреуі түсі жағынан жәбірленушіден ұрланған екі доңғалақты көлік құралына ұқсады. Тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Анықталғандай, сол күні сол ауданның көршілес көп пәтерлі үйдің кіре берісінен ол 32 жастағы әйелге тиесілі тағы бір велосипедті ұрлап кеткен.
Сотқа дейінгі тергеу барысында қаскөйдің осыған ұқсас 5 қылмысқа қатысы бары анықталды.
Оның айтуынша, ұрланған велосипедтерді ол белгісіз адамдарға сатып жіберіп отырған. Қазіргі таңда полицейлер ұрланған көлік құралын сатып алушыларды да, жәбірленушілерді де анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде.