Алматыда әйел қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген
Алматыда әйел қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерін ұрлап жүрген.
– Сонымен қатар, әйел бейнебақылау камераларынан, сондай-ақ, көзінше бірнеше рет қылмыс жасаған кішкентай қызынан ұялмады. Қазір А.есімді азаматшаның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мүмкін эпизодтардың тізімі мұнымен бітпеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізілуде.