БҚО-да тұрғынға синтетикалық есірткі сатқан ер адам ұсталды
БҚО-да тұрғынға синтетикалық есірткі сатқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
14 шілде күні Пойменная көшесінде 19 жастағы В. есімді жігіт ұсталды. Ол 30 мамырда Қонаев көшесінде А. есімді азаматшаға «альфа-пирролидиналерофенон» синтетикалық есірткісін сатқан. Тінту барысында Кердері көшесіндегі пәтерден электронды таразы мен 83 пакет, сондай-ақ құрамында ерекше иісі бар, көк түсті зат салынған пластикалық ыдыс табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
15 шілде күні Абай даңғылындағы 885-СПП 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Одан құрамында белгілі бір иісті, жасыл-қоңыр заты бар пластикалық ыдысқа оралған пакет табылды және алынды. Сол күні Доспанова көшесіндегі 17-ЖОББМ жанында 33 жастағы О. есімді азамат ұсталды. Одан құрамында белгілі бір иісті, жасыл-қоңыр заты бар қағаз орамы табылып, тәркіленді.
16 шілдеде сағат 05.15-те Айтиев көшесіндегі үйдің жанында Т. есімді жүргізушінің басқаруымен Hyundai Tucson автокөлігі тоқтатылды. 34 жастағы жүргізушінің көлігін тексеру кезінде көлік ішінен қоңыр түсті, өсімдікке ұқсас өзіне тән иісі бар 10 түйір қатты зат табылып, тәркіленді.
Осы үш факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.