Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарты сағатта екі теміртаулықты тонап кеткен ер адам ұсталды

Жарты сағат ішінде Теміртаудың екі тұрғынын тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне Чернышевский көшесі бойындағы үйдің жанында тонау орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының жасағы келіп жетті.

Жәбірленуші 62 жастағы әйел белгісіз біреу оның қасына жүгіріп келген кезде ол үйіне бара жатқан. Аталған тұлға әйелдің мойынынан алтын алқасын жұлып алып, қашып кеткен. Шығын сомасы 80 мың теңгені құрады. Зейнеткер ұрының шамамен 40-45 жастағы ер адам екенін сипаттап берді. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жақын орналасқан тұрғын үйлерді аралап, тексере бастады.

Сағат шамамен 9.30-да оларға Бейбітшілік даңғылы бойындағы автобус аялдамасында осыған ұқсас тонау орын алғандығы туралы екінші хабарлама келіп түсті. Белгісіз азамат ашық түрде 51 жастағы әйелдің 150 мың теңге тұратын алтын алқасын алып кеткен. Тәртіп сақшылары екеуін де бір адам жасаған деген қорытындыға келді. Өзі да солай шықты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер «ізін суытпай» күдіктіні 41 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 191 бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру