РФ-дан арзан бағада автокөлік бөлшектерін жеткізіп беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды
Алматы полициясы РФ-дан арзан бағада автокөлік бөлшектерін жеткізіп беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 жастағы Т. есімді азамат Ресей Федерациясынан қымбат емес автокөлік бөлшектерін жеткізіп беремін деген желеумен заңсыз баю мақсатында әлеуетті тұтынушылардан ақша алған.
– Бұл – алаяқтық. Бүгінгі таңда ауданымыздың аумағында күдіктіге қатысты осындай он дерек дәлелденді. Оның қатысуымен қалада қанша эпизод болғанын тергеу анықтайтын болады. Қаскөй ҚР ҚПК-нің 128-бабымен ұсталды және қамауға алынды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4- тармағы – алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жасалған алаяқтық, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.