Алматыда 128 мың бейнебақылау камерасы іске қосылған
Алматыда 128 мың бейнебақылау камерасы іске қосылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясының мәліметінше, қалада 128 186 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде:
– «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша көпқабатты үйлерде 4 251 бейнекамера;
– «Адам көп шоғырланатын орындарды бейнебақылау жүйесі жобасы аясында – 1 103 бейнекамера;
– көшелердің желілік учаскелерінде, кіреберіс және шығу, сондай-ақ, көше қиылысында 5 892 бейнекамера, оның ішінде 5 034 камерадан тұратын 776 «Сергек» ҚХА посты. Олардың көмегімен 2022 жылдың 6 айында 364 988 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді;- білім беру нысандарында 11 979 бейнекамера, мектепке дейінгі мекемелерде 6 132;
– денсаулық сақтау нысандарында 3 008 камера;
– спорт нысандарында 1 932 камера;
– қоғамдық орындарда 1 322 бейнекамера;
– әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 98 355 камера;
– қоғамдық көлікте 1 437 бейнекамера және т.б.
Сондай-ақ, ПД-де, бейнебақылау жүйелерімен жұмыс істеудің оң әсері бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде қалта ұрлығының тіркелуінің төмендеуіне де әсер еткенін атап өтті.