Қарағандылық полицейлер жүк тасушылармен бірлескен акция өткізді
Қарағандылық полицейлер Алматы-Екатеринбург тас жолында жүк тасушылармен бірлескен акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» атты айлық іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты – тас жолдардағы қауіпсіздік деңгейін көтеру.
Жыл басынан бері алты ай ішінде облыс аумағында 166 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 62 адам қаза тауып, 172 адам жарақат алды. Бұл ретте олардың жартысынан көбі (39 жағдай) республикалық маңызы бар автожолдарда болған.
Күніне сегіз мыңнан астам автокөлік жүретін Алматы-Екатеринбург транзиттік трассасы барынша жанданған болып саналады. Аталған учаскеде жыл басынан бері 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда тиісінше 26 адам көз жұмып, 35 адам зардап шекті. Көбінесе аударылу жиі орын алған, яғни 8 факті, ал 7 жағдай бойынша қақтығыс орын алған.
29 шілдеде аталған жолда жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту және жол-көлік оқиғасында өлім-жітімді төмендету мақсатында облыстың ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері акция өткізді. Оған алыс жолда жүретін жүргізушілер белсенді қатысты. Олар өздерінің жүк көліктерінде «Жол ережесін бұзба – өмірді таңда», «Жылдамдықты асырма – өмірінді тоқтатпа» атты жазбаларымен баннерлар орнатты.
– Осы тас жолмен жиі жүремін. Жолда жеңіл автокөліктердің, тіпті жолаушылар автобустарының жүргізушілері жол жүру ережелерін бұзған кездеріне куәгер болғанмын. Қарағанды облысының ПД ұйымдастырған бұл акцияны мен ғана емес, әрі жүк көліктерінің жүргізушілері әріптестерім де қолдайды. Сондықтан ол өзінің жүк көлігіне жолдағы қастық салдары туралы ескертетін баннер орнаттым, – дейді Ресейден оңтүстікке жол тартқан жүргізушілердің бірі Расул.
Сонымен қатар, Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінде акцияға 20-ға жуық ұлдар мен қыздар қатысты. Олардың ішінде 5 жастағы Бақдәулет Ағзамов бар. Ол бейнероликтің арқасында республикада даңққа ие болды, онда жас бала өз бастамасы бойынша балалар полиция формасын киіп алып, жол жиегіне тұрып, жүргізушілерге боран салдарынан барлық жолдардың жабылуы туралы ескертті. Бұл наурыз айының басында, ауа-райының құбылмалы болып жүрген уақыттарда болған. Қазір Бақдәулет басқа балалармен, әрине тәртіп сақшыларының қадағалауымен, жолдағы жүргізушілерге «Жылдамдықты асырма», «Шаршасан – тоқта да демалып ал», «Сіздерді үйде күтуде» деген жазбалармен парақшалар табыстады.
– Қазіргі таңда Екатеринбург – Алматы тас жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы фактіні, сондай-ақ қиын жол жағдайларын ескере отырып облыстың ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері барлық жол қозғалысының қатысушарын жол қозғалысы ережесінің қатаң талаптарын, жылдамдық режимін сақтауды, маневр жасау ережелерін ұстануға шақырады. Сонымен қатар, балаларды ұстап тұратын құрылғыларды қолдана отырып тасымалдаңыз және өзіңізде қауіпсіздік белдігін тағыңыз. Сондай-ақ, жүргізушілерге түнгі сапарлардан аулақ болуға және еңбек пен демалыс режимін сақтауға кеңес береміз, – деп атап өтті облыстың ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.