Созақта жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуі бойынша 263 дерек тіркелді
Созақта жарты жылда жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуі бойынша 263 дерек тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Созақ аудандық полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті. Жиынның басты мақсаты – осы жылдың жарты жылдығында құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстардың нәтижесін талқылау. Іс-шарада жеке құрам қызметкерлерінің арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Созақ АПБ бастығының кадр жөніндегі орынбасары Күмісбек Қамшыбеков баяндама оқыды.
Сонымен қоса, аудан бойынша полицейлермен 6 ай ішінде 3258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтар болсақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша – 40, белгіленбеген орында сауда жасау – 6, ұсақ бұзақылық – 5, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау – 107, қоғамдық орында мас халде жүру – 143, қорғау нұсқамасын бұзу – 2, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша 371 құқұқық бұзушылық тіркелген.
Сонымен қатар, көлікте ұялы телефон пайдалану – 60, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 318, қарсы бағытқа шығу – 2, жаяу жүргіншіге жол бермеу – 13, мас халде көлік басқарған – 17, жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуі бойынша 263 дерек тіркелген.
Жиын кезінде тәртіп сақшыларының алдағы жұмыс жоспарлары айтылып, жеке тапсырмалар берілді.