Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Голландияда өткен әлем чемпионатында шымкенттік полицейлер топ жарды

Голландияда өткен әлем чемпионатында шымкенттік полицейлер топ жарды, – деп хабарлайды Polisia.kz

22-30 шілде аралығында Голландияның Роттердам қаласында әлем полицейлерінің басын қосқан чемпионат өтті.

Спорттық сайысқа 97 елден келген 10 мыңға жуық тәртіп сақшысы қатысқан. Оның ішінде, Америка, Бразилия, Қытай, Испания сынды тағы да басқа елдердің полицейлері бар. Олар 62 спорт түрінен өзара бақ сынасып, тартысқа түсті.

Әлемдік деңгейде Қазақстанның намысын қорғау үшін жарысқа 18 спортшы қатысып, 10 алтынды қанжығаға байлады. Оның ішінде, Шымкент қаласы ПД-ның атынан 4 полицей спорт шебері екенін дәлелдеп, 3 алтын мен 1 күміс жүлдені қоржынға салды.

Атап айтқанда, жауынгерлік джиу-житсу спорты бойынша Шымкент ҚПД оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Ғалымжан Катбаев еліміздің намысын абыроймен қорғап, бірінші орынды иеленді.

Пауэрлифтинг спортынан Шымкент ҚПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Дамир Ташанов де көп арасынан алға шығып, бірінші орынды қанжығаға байлады.

Ал дзюдо спорты бойынша Шымкент ҚПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы  Қымбат Ахмет нәзік жандылар арасында мықты екенін дәлелдеп, бірінші орынға иемденді.

Сондай-ақ, бокстан бақ сынаған Шымкент ҚПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың взвод командирі Нұрлан Нурситов жүлделі екінші орынды алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру