Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында есірткімен ұсталған ер адам пойыздан түсірілді

Абай облысында есірткімен ұсталған ер адам пойыздан түсірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Семей қаласындағы Жаңа-Семей темір жолында 30 жастағы ер адам ұсталды. Жедел ақпарат бойынша, семейлік азамат есірткіні заңсыз сақтаған. Ақпаратты тексеру барысында заң бұзушылық расталды.

Семей қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ-156/14 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері оны дәл үстінен ұстады.

Жеке тінту кезінде құқық бұзушыдан өсімдік тектес марихуана заты табылып, тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол тәркіленген затты жеке тұтыну үшін сақтаған.

– Ұсталған азаматтың тәркіленген заттарды сақтауға құқығы жоқ екені анықталды. Қазіргі уақытта тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлімімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ-156/14 мекемесінің жедел бөлім бастығы Айбек Ақшалов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру