Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда салт атты полицейлер саяжайлардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде

Петропавлда салт атты полицейлер саяжайлардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саяжайлардағы ұрлықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау – Петропавл қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының кавалерия бөлімшесінің негізгі міндеттері. Көлік патрульдерінің өтуіне қиын бағыттар, погондардағы шабандоздардың жіті қадағалауында.

Барлығы кавалерия бөлімшесінде 13 жылқы бар. Күнделікті 2 бағытқа 4 салт аттылы қызметкер көмек көрсетеді. Қазіргі таңда патрульдеу Новопавловка ауылының саяжай массивінде өткізілуде. Жұмыстың негізінде – халықпен өзара тығыз қарым-қатынас. Саяжайлар қоғамдастығының тұрғындары, төрағалары және күзетшілер күдікті бейтаныс адамдар пайда болған кезде немесе айналадағылардың мазасын алатын, масаң күйдегі адамдарды көрген сәтте, кімге жүгінетінін бірден біледі. Масаң күйдегі саяжай тұрғындарымен полицейлер алдын алу әңгімелерін өткізеді. Қажет болған жағдайда, наркологиялық орталыққа апару, медициналық куәландыру өткізу және әкімшілік хаттама толтыру үшін патрульді шақырады. Сондай-ақ, жазғы кезеңде қырағы саяжай тұрғындарымен өзара қарым-қатынас арқасында, бірнеше ұрлықтың алды алынды. Күдікті адамның, бейтаныс көліктің пайда болуы – салт атты полицейлерге қоңырау соғудың бірден-бір себебі.

– Әдетте, қызметкерлер келген сәтте, саяжай аумағында қара металлды жинап жүрген бөтен адамдарға тап болады. Оларды сонымен қатар көлік патрульдеріне әрі қарай тексеру үшін жібереді. Алда егін жинау науқаны – салт атты патрульдер үшін ең қызу жұмыс уақыты. Саяжай тұрғындарының естеріне саламыз, өз мүлкіңізді қорғау үшін шаралар қабылдау қажет. Саяжайларда құнды заттарыңызды қалдырмаңыздар, сенімді құлыптарды пайдаланып, мүмкіндігінше өз учаскелеріңізді жиі тексеріп отырыңыздар, – дейді ПБ патрульдік полиция батальонының кавалерия бөлімшесі бастығының м.а.  Берік Тулепбергенов.

Полицейлер заңдылықтың бұзушылықтары туралы кез-келген факті бойынша «102» арнасына дереу хабарлауға немесе 102 мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру