Жамбылда полицейлер арасында жауынгерлік қарудан оқ ату жарысы өтті
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Ғ. Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонында ПД қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жарысқа ПД бөліністерінен және аудандық полиция бөлімдерінен барлығы 19 команда, 66 қызметкер қатысты.
Мергендіктерi сынға түскен сайыста үздік өнер көрсеткен Байзақ ауданының полиция бөлімі командалық бірінші орынды иеленсе, екінші орын ПД Кадр саясаты басқармасына бұйырды. Ал үшінші орынды Тараз қаласы Полиция басқармасы иеленді.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде әйелдер арасында ПМ-2 жаттығуында бірінші орынды ПД оқу-жаттығу взводының инспекторы Айжан Ракишева, екінші орынды ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы Гүлмира Қойшыбаева, үшінші орынды Жуалы аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Меруерт Тәжібаева жеңіп алды.
Сонымен қатар, ерлер арасында автоматтан АК-3 жаттығуында бірінші орынға ПД ОЖВ аға инспекторы Мадияр Алимкешов, екінші орынға Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Али Түзелбаев, үшінші орынға Тараз қаласы ПБ инспекторы Айдар Джуандыков ие болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, жеңімпаз болған қызметкерлер мен командалар дипломмен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.