Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап әкеткен мас жүргізуші сотталды

ШҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап әкеткен мас жүргізуші сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың 3 наурызында патрульдік полиция инспекторлары 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы көлік құралын тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрғанын байқаған.

Жүргізілген куәландыру орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті. Тексеру барысында 2020 жылғы 14 қаңтарда сот үкімімен аталған жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотталып, оған 50 500 теңге көлемінде айыппұл және үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалғаны анықталды.

Алайда өзіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын біле тұра, тиісті қорытынды шығармай, 2022 жылғы 11 мамырда сағат 01.30 шамасында ол тағы да орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде рөлге отырып, оған қоса бөтеннің автокөлігін айдап әкеткен.

Жасалған теріс қылықтардың қайталануын ескере отырып, 31 жастағы жүргізуші ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі бойынша және ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотталды. Онда оған көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде (қоныс-колониясы) өтейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру