Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза болды
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
17 тамызда Самара-Шымкент жолының 1945/321 шақырымында Шиелі ауданы, Еңбекші ауылының тұсында КамАЗ жүк автокөлігінің тіркемесіне бір бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Орын алған дерек ҚР ҚК-нің 345- бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, белгіленбеген жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді.