СҚО-да сотталған гүл өсірумен айналысады
СҚО-да сотталған гүл өсірумен айналысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме аумағын абаттандыру және көгалдандыру – сотталғандарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі. Британдық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі жасыл кеңістіктердің көбеюі сотталғандардың денсаулығына ғана емес, жүйке жүйесіне де жағымды әсер етеді, сонымен қатар психикалық бұзылулар қаупін азайтады. Блех Ирина Николаевна бұл туралы басқаларға қарағанда жақсырақ біледі.
Сотталған осы жылдың мамыр айында ЕС-164/9 мекемесіне келді. Ирина Николаевнаның гүл өсіруге деген сүйіспеншілігі ерте балалық шағында, ауылда тұрып, жыл сайын өз бақшасында түрлі гүлдер отырғызудан басталды.
– Ирина біздің мекемеге келгеннен бастап, айналадағылардың бәрі гүлдей бастады, мен гүлдер туралы соншама көп білетін адамды әлі кездестірмедім. Жаз бойы біз қазір көзімізді қуантатын көптеген ерекше өсімдіктер отырғыздық, – дейді сотталғандардың бірі.
Сотталған «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жұмысқа орналасқанына қарамастан, мекеме өміріне белсенді қатысады, аумақты абаттандыру және көгалдандырумен айналысады.
– Мен мекемеге келгеннен кейін гүл өсіруден бас тартпауды шештім, себебі бұл үшін барлық жағдай жасалған. Осылайша мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып қана қоймай, сонымен қатар аумақты көгалдандыру арқылы да өз пайдамды тигіземін. Жүрек тәрізді осындай ерекше композициямен мен гүлдерге деген сүйіспеншілігімді көрсеткім келді. Менің қолымнан келді деп ойдамын, – дейді Ирина Николаевна.