Қызылорда облысында сауда орталығына ұрлыққа түскен ер адам іздестірілуде
Қызылорда облысында сауда орталығына ұрлыққа түскен ер адам іздестірілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz
17 тамыз күні сағат 08:50 102 арнасына Арал қаласында «Эврика» сауда үйіне белгісіз біреу әйнек есігін сындырып кіріп, ұялы телефондарды ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.
– Оқиғаға сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Ұрлық) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті іздестірілуде, бейнебақылау жүйелеріне мониторинг, сондай-ақ аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде, – дейді Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Шегебаев.