Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында тыңдаушыларға арналған workshop өтті

Алматы академиясында тыңдаушыларға арналған workshop өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатоватындағы Алматы академиясы отандық кәсіби журналистерді біріктіретін “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қорымен бірлесіп орта басшы құрамды даярлау факультетінің тыңдаушыларына арналған workshop (ағылш. “шеберхана“) өткізді. Бірінші кезекте халықпен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша байланысқа түсетіндіктен, Полиция департаменттерінің аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан құралған №2 факультетінің білім алушылар контингенті дәл осындай форматы мен қызмет бағыттарын оқыту қажет.

Полиция мен журналистердің өзара іс-қимылы: қауіпсіздік және өзара көмек” тәжірибелік оқыту тақырыбын таңдау қоғамдық сенімге, азаматтық қолдауға және халықтың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуына мұқтаж полиция қызметін қайта қалыптастыру факторына негізделген. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Ішкі істерминистрі Марат Ахметжанов журналистерге маңызды рөл берілетін қазақстандық полицияның қызметі туралы ақпараттың ашықтығы, қолжетімділігі және уақтылы берілуі мәселелеріне ерекше назар аударады. Біздің қоғамды толғандыратын – қылмыстың жай-күйі мен оған қарсы іс-қимыл туралы, қазақстандық социумның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, заңдылықты бұзудың кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы объективті ақпарат беру бойынша полициямен өзара іс-қимылда ортақ мақсаттарға қол жеткізіледі. Мұндай жобаларды жүзеге асыру полиция қызметкерлерінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында туындайтындаулы және жиі арандатушылық аспектілерге дұрыс жауап беруіне, нақты жағдайға арналған іс-қимыл алгоритмдерін жасауға ықпал ететіні даусыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру