Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда “Жолда қабылдау” акциясы өтті

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері “Global City” көлік-логистикалық кешенінің аумағында орналасқан мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында “Жолда қабылдау” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Былтырғы жылы біздің қызметкерлермен бұндай алты акция өткізіліп, мыңнан аса тұрғынға құқықтық көмек көрсетілген болатын. Бұндай акция кезінде полицияға жүгінген халықтың сұрақтары әртүрлі болады. Негізінен біздің қызметкерлерге жүгінген тұрғындардың басым бөлігін көліктерді тіркеу мен қайта жабдықтау мәселесі қызықтырды. Бүгінгі акцияға облыстық полиция департаментінің көші-қон, әкімшілік полиция, тергеу, криминалдық полиция, жергілікті полиция сияқты барлық қызметінен полиция қызметкерлері қатысып отыр. Сондықтан да қала тұрғындары полицияға қатысты өздерін толғандырған барлық сұрақтарды қоюларына болады. Біз әрқашан тұрғындарға ашықпыз. Егер бүгінгі акция барысында қойылған сауалдарға бірден жауап болмаған жағдайда мен оны бақылауға алып, белгіленген уақыт шегінде міндетті түрде жауап береміз. Бұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Акция қала тұрғындарына ыңғайлы болса, іс-шараға қатысқан азаматтар арқылы біз қандай түйткілді мәселемен жұмыс жасау керек екенін білеміз”, – деді облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов.

Мәселен, акцияға қатысқан қала тұрғыны Иван есімді азаматты мотокөлікті тіркеу мәселесі қызықтырды.

“Мен адвокат болып жұмыс істеймін. Менің қорғауымдағы азаматтың әкесі қайтыс болған. Баласына әкесінің қалған дүниесі мұраға әлі өткен жоқ. Осы құжаттармен айналысу барысында мотоциклының құжатында техникалық қателіктер болды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері екі күн ішінде куәлікте кеткен қателіктерге өзгерту енгізетінін айтты. Сондықтан да бүгінгі іс-шара барысында менің сауалым шешілді”, – деді қала тұрғыны.

“Мені көлік құралына тіркелген айыппұлдардың сұрағы қызықтырды және оны тез арада қалай төлеу керектігін сұрадым. Полиция қызметкерлері бұндай айыппұлдарды ұялы телефондағы банктің мобильді қосымшасы арқылы төлеу керектігін түсіндірді. Бір сөзбен айтқанда бірқатар сұрақтарыма жауап алдым. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Барлық сұрақтарыма жауап алдым”, – деді қала тұрғыны Азамат Қазыбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру