Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ауыл тұрғыны есірткі сақтаумен және сатумен айналысқан

Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сатқан және сақтаған деген күдікпен Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген санкцияланған тінту барысында бұрын сотты болған 54 жастағы тұрғыннан 300 граммға жуық “героин” есірткі заты табылып, тәркіленді.

Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру