Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ЖБО-ның 102 арнасына мыңнан астам хабарлама келіп түсті

Қызылордада Жедел басқару орталығының 102 арнасына бір аптада мыңнан астам хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Бір аптада 102 нөмеріне 1032 хабарлама келіп түсті. Ал ЖБО-ның көмегімен 589 құқық бұзушылық анықталды.

Мысалы, 22 тамыз Жедел басқару орталығының  бейнебақылау камерасына екі автөкөлік жол ережесін бұзып келе жатқандығы түскен. Дереу жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілді. Екі көлікті полиция қызметкерлері тоқтатып, тексерді. Нәтижесінде автокөлік жүргізушілері масаң күйде екені анықталған.

Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) және ҚР ӘҚБтҚ-нің 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы), ҚР ӘҚБтҚ-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру