Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде шалбарын шешкен павлодарлық жауапқа тартылды

Көшеде шалбарын шешкен павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Мәселен, павлодарлық «zhaloby_pavlodar» Telegram-арнасында өзін әдепсіз ұстаған ер адамның бейнежазбасы жарияланды.

Бұл бейнежазбаға полиция жедел жауап берді, ауыл тұрғыны ұсталды. Осыдан кейін Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы өтініш келіп түсті.

– 24 тамызда учаскелік полиция пунктіне көршісіне шағымданған әйел жүгінді. Оның айтуынша, оның балаларына көршісі ұрысып, өзінің шалбарын түсіргенін айтты. Ауыл тұрғыны мас күйдегі көршісіне ескерту жасады. Соңғысы ескертулерге теріс жауап беріп, тағы шалбарын шешкен, – деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.

57 жастағы көршісіне қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 25 тамызда сот қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция биылы жылы облыс бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1433 бұзушы жазаланғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру