Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тергеу изоляторының қызметкерлері асық ойнады

Павлодарда тергеу изоляторының қызметкерлері асық ойнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің Конституция күніне орай Павлодар қаласының тергеу изоляторында облыстық «Алтын сақа» ұлттық ойындары федерациясы қоғамдық бірлестігнің өкілі Саят Қизат арнайы шақырылды.

Мұндағы мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және мемлекеттік-құқықтық дүниетанымды, қазақстандық патриотизмді, эститикалық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін тәрбиелеуде ұлттық ойындардың рөлін арттыру.

Саят Қизатұлы жеке құрамға асық атудан шеберлік сабағын өткізді деуге болады. Ол ойынның негізгі шарттары мен қағидаларын түсіндіріп берді. Бас кезінде дөп тигезе алмаған ойыншылар, көп кідірмей мергендіктерін шыңдады. Кейбіреулері бала кезінде асық ойнағандарын есіне алып жатты.

Таза ауада өткізілген іс-шара қызметкерлерді бір сергітіп тастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру