Қарағанды облысында қонақ болып келген жігіт алтын бұйымдарды үптеп кеткен
Қарағанды облысында қонақ болып келген жігіт алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда Қарағанды облысының Шет ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 62 жастағы тұрғыны жүгінді. Белгілі болғандай, әйел өз үйінде салтанатты іс-шара ұйымдастырған, оған көптеген қонақтар қатысқан. Белгісіз біреу еркін кіруді пайдаланып, жатын бөлмеге кіріп, сол жерден зергерлік бұйымдарды – сырғалар, сақина, алтын алқа және ұялы телефонды ұрлап кеткен. Шығын 180 мың теңгені құрады.
Аталған факті негізінде полиция ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полицейлер күдікті ретінде жәбірленушінің 21 жастағы жерлесінің жеке басын «ізін суытпай» анықтады. Көбісі оның әйелдің үйіне кіріп, тез шыққанын көрген. Жәбірленуші дабылды көтерген кезде, қаскүнем елді мекеннен қашып үлгерген.
19 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған күдіктіні ұстады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған азаматтың ұсақ мал ұрлығына да қатысы барын анықтады. Бұл жағдайда шығын 50 мың теңгені құрады.