Жезқазғанда көлік басқарған оқушы анықталды
Жезқазғанда көлік басқарған 11-сынып оқушысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
1 қыркүйекте Ұлытау облысының полиция департаменті Жезқазған қаласының ПБ патрулдік полиция ротасының қызметкерлері қызмет барысында қала ішінде көлік тізгіндеген кәмелеттік жасқа толмаған баланы анықтады.
Қала көшелерін патрулдеу кезінде BMW автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында көлік жүргізушісі қаладағы жалпы білім беру мектептерінің бірінде 11-сынып оқитыны белгілі болды.
Тәртіп сақшылары көлікті айыптұраққа кіргізіп, оқушының ата-анасына ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.