Ақмолада мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Ақмолада мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұзушылық 1 қыркүйекте сағат 19.40 шамасында Ақкөл қаласында анықталды. Полицияға жергілікті тұрғыннан ВАЗ 21099 автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік басқарып, басқа жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қауіп төндіретіні туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Полицейлер тарапынан бұл дабылға жедел әрекет етіліп, көрсетілген мекенжай бойынша Нұрмағамбетов көшесіне әкімшілік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторы шықты. Рөлде Ақкөлдің 45 жастағы тұрғыны отырған автокөлік тоқтатылды, алайда жүргізушінің мас күйінде болғаны сонша, тіпті ол көліктен өз бетінше шығып, құжаттарын ұсына алмады.
Медициналық куәландыруда алкотестер 3,07 промилле алкогольді көрсетті, бұл қатты мас болу дәрежесіне жатады. Бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, санкцияға сәйкес ақмолалық 7 жыл мерзімге басқару құқығынан айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Биыл Ақмола жолдарында 1358 мас жүргізуші ұсталды.