Маңғыстаулық тұрғыннан 152 келі бекіре балығы тәркіленді
Маңғыстаулық тұрғыннан 152 келі бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 тамызда сағат 22:50 шамасында Маңғыстау облысы ПД полиция ротасының қызметкерімен Ақтау – Форт – Шевченко тас жолының 100/32 шақырымында Mitsubishi Delica автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 152 келіні құрайтын 34 бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кінәліге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге мағлұмат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.