Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда көпірдің астынан қару-жарақтар табылды

Тараздағы көпірдің астынан қару-жарақтар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының көпірлерінің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған орынды тапты.

Қара түсті полиэтилен пакеттен МР-79-9 травматикалық тапаншасы, маркасы белгісіз 2 тапанша, көзден жас ағызатын 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон және Макаров тапаншасының оқжатары тәркіленді.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру