Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да екі шетел азаматы елден шығарылды

ШҚО-да екі шетел азаматы елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының соңында Зайсан аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында базарларды, уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлерін, құрылыс нысандарын тексерді. Зайсандағы аулалардың бірінде полицейлер уақытша тұруға ықтиярхатсыз белгісіз мерзімге тұрып келген Өзбекстанның екі азаматын анықтады.

– Аталған бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді КҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Осындай жағдай Алтай ауданында да орын алды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері аулаларды аралау кезінде 9 өзбекстандық Алтай ауданында тиісті рұқсатсыз тұрып жатқанын анықтады.

Аталған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-тармағы 1-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, оның санкциясында ескерту түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру