Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды

Маңғыстауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

30 тамызда сағат 22:30 шамасында Мұнайлы аудандық Патрульдік полиция ротасының қызметкерімен Lada 21917 автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Жүргізуші бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұнайлы аудандық сотының қаулысы бойынша жүргізушінің 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, жүргізуші азамат автокөлік құралын ішкілікті күйде басқарған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі негізінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру