Көлік полицейлері шетелдіктен тыйым салынған діни әдебиетті тәркіледі
Көлік полицейлері шетелдіктен тыйым салынған діни әдебиетті тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында Бішкек – Самара бағытындағы пойыздың жолаушыларының бірінен Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни әдебиетті сақтау және тасымалдау фактісін анықтады. Тексеру кезінде Қырғызстан Республикасының 19 жастағы азаматы анықталды.
Дінтану сараптамасы діни әдебиеттің Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғандығын көрсетті.
Меркі ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жоғарыда аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша 100 АЕК (306 300 тг) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.