Елорда түзеу мекемесіне есірткі алып өтпек болған азамат ұсталды
Елорда түзеу мекемесіне есірткі алып өтпек болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесінің режимдік бақылау қызметкерлері және ҚР Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінің бақылаушысымен бірлесіп мекемеге алып келінген сауқаттарды тексеру барысында хошистендіргіш ішіне жасырын түрде салынған үш sim-карта мен телефон қуаттағыш тәркіледі.
Аталған дерек бойынша Ақмола облысы Аршалы ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған затты алып кірмек болған азаматтан түсініктеме алынды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінің бастығының орынбасары А.Сыздықовтың айтуынша, аталған бағытта іс-шаралар өз жалғасын табуда. Жедел уәкілдік бөлімнің қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кірмеуін үнемі бақылап отырады және алдын алу жолдары бойынша кең көлемде іс-шаралар ұйымдастырады.