Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

23 жастағы петропавлдық есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды

Есірткі сатумен айналысқан Петропавл тұрғыны 23 жасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қабырғасында қарсы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір жыл бұрын солтүстікқазақстандық полицейлерге Петропавл тұрғынының есірткі таратуға ықтимал қатысы туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл мәліметтер расталды. Жас жігіттен қауіпті заттардың түр-түрі табылды. Тұрғылықты жерінен 30 грамнан астам мефедрон мен a-PVP синтетикалық есірткілері тәркіленді. Бұл 500 дозадай болады және аса ірі көлемге жатады. Ол көрсеткен «жасырын» орындардан полицейлер MDMA таблеткаларын немесе «экстази» атауымен белгілі метамфетаминді тәркіледі. Ұсталған тергеу кезінде және сотта өзінің кінәсін мойындамай, есірткіні жеке пайдалану мақсатында сақтағанына сендірмекші болған. Алынған заттың аса ірі көлемде болуын ол есірткі сайтын бұзып, біреулердің жасырын жерге тастап кеткен есірткілерін алғанымен түсіндірді. Алайда өзінің айтқан сөздеріне нақты дәлел келтіре алмаған.

– Мамыр айында ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы шеңберінде есірткі саудалаушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Соңғы жылдары есірткі саудасына қатысы бар адамдардың орташа жасы төмендеген. Жастар оңай олжаға кенелмекші болып, істі болады. Жыл басынан облыста есірткі сату үшін 16 үкім шығарылды, оның 9-ы – 19-дан 25 жас аралығындағы жастарға қатысты, – деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру