Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында екі қап қару мен оқ-дәрілер табылды

Жамбыл облысында екі қап қару мен оқ-дәрілер табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтардың орнын анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында Жамбыл облысының полиция қызметкерлерімен бір тәулікте 11 қару мен әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрондарды табылды.

Мысалы, полицейлер Тараз қаласындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттардың бірінің жанынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған қойманы тапты. Екі қаптың ішінен екі Калашников автоматы, екі ТОЗ аңшылық карабині, Сайга мылтығы, екі ойық қару, Байкал тегіс ұңғылы мылтығы, автоматтың оқжатары және әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрон тәркіленді.

Табылған қарулардың барлығына сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру