Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Алматы полициясы бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы облысының А. есімді тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

– Күдікті өзінің таныстарының арасында көлік құралын басқару құқығын алуға көмектесетіндігі туралы ақпарат таратып, өз қызметін 130 мың теңгеге бағалаған. Шын мәнінде, тәжірибе көрсеткендей, А. есімді азаматтың мүлде мұндай мүмкіндігі болмаған, ол адамдардың сенгіштігіне сенді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге күдіктіге қатысты төрт адам арызданған. Аталған деректер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, бір өндіріске біріктірілген. Айта кетейін, бұған дейін А. есімді азамат алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Сондай-ақ, спикер бұл қылмыстық іс-әрекеттің тұрақты сериялық сипаты болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайтынын атап өтті. Осыған байланысты ұсталған азаматтың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру