Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас күйде рөлге отырғанын мойындаған жүргізушілер видеоға түсіп қалды

Павлодарда мас күйде рөлге отырғанын мойындаған жүргізушілер видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелері мен жолдарында құқықтық тәртіптің сақталуын жіті қадағалайды.

– 10 қыркүйекте сағат 23.49 шамасында Едіге би көшесінде полицейлер шамын жақпай келе жатқан көлікті байқады. Көлікті тоқтатқан тәртіп сақшысы жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағанын және одан алкоголдің иісі шығып тұрғанын байқаған. Әйел құрбысымен бірге біраз сыра ішкенін мойындады, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирының орынбасары Алтынбек Медияров.

Бұл мәселені телефон арқылы «шешпек» болған әйел таныстарына қоңырау шалды. Бірақ жасалған құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші заң алдында жауап беруі керек.

Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті. Әйелге қатысты полиция ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

ВИДЕО МҰНДА

Тағы бір мас көлік жүргізушісін полицейлер түн ортасында Академик Бектұров көшесінде анықтады. Тәртіп сақшылары жүргізушінің масаң күйде екенін бірден байқады. Ұсталған тұрғынның айтуынша, ол арақты «аздап» қана ішіп, қыдырып қайтпақ болған.

Аталған жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 7 жыл мерзімге басқару құқығынан айырды, сондай-ақ ол 15 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру