Жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды
Ақтөбе облысында қайғылы жол апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді.
ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы, рульді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып кеткен.
ЖКО салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғызстан Республикасының азаматы, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.