Алаяқ Хромтау тұрғынын 7 млн теңгеге алдап соқты
Алаяқ Хромтау тұрғынын 7 млн теңгеге алдап соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Хромтау қаласының 38 жастағы тұрғынының ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Оның атына несие рәсімделмек деген сылтаумен 7 млн теңге сомасындағы ақшаны иемденген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктіні анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті полиция да, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе жеке деректерді сұрамайтынын тағы да еске салады. Сіз де осындай жағдайларға тап болсаңыз, дереу банкке қоңырау шалып, шоттарыңызды бұғаттауыңыз керек, сонымен қатар жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңыз қажет.