Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицелер зейнеткерге шабуыл жасағандарды ұстады

Қостанайда зейнеткер қарақшылардың құрбаны болды. Полицейлер күдіктілерді жедел ұстап, ұрланған затты қайтарды, – деп хабаралайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні сағат 21.10-да облыс орталығының полициясына 67 жастағы азаматшадан хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші Гашек көшесіндегі дүкеннің жанында оған белгісіз біреулер шабуыл жасап, сөмкесін, сондай-ақ алтын сырғасын ұрлап кеткенін хабарлады.

Бағдар бірден барлық полиция жасақтарына жіберілді. Осы аудандағы бағытта Диас Әбдікәрімов пен Қуаныш Аяғановтың құрамындағы автопатруль болған еді. Полиция дереу оқиға орнына жетті. Әйел дүкеннен шығып, үйіне бара жатқанда қараңғыда кенеттен артқы жағынан соққы сезінгенін айтты. Әйел құлаған. Оған екі ер адам шабуыл жасап, сырғаларын жұлып алған.

ВИДЕО МҰНДА

Қарақшылар сондай-ақ 60 мың теңге сомасындағы ақша мен құжаттары бар сөмкені де алып кеткен. Жәбірленуші полицейлерге шабуылдаушылардың қай бағытта жасырынғанын көрсетті.

Күзетшілер аулаларды зерттеу барысында, бұта арасында жәбірленушінің сипаттамасына ұқсас ер адамдарды байқады. Күдіктілер – Рудный қаласының 31 және 32 жаста тұрғындары ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, зейнеткерге қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Әйел полиция қызметкерлеріне жеделдігі үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру