Самбодан өткен республика чемпионатынан жеңіспен оралған ҚАЖ қызметкерлері марапатталды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов самбодан өткен республика чемпионатынан жеңіспен оралған ҚАЖ қызметкерлерін жеке құрам алдында департаменттің басшылығы атынан Алғыс хатпен марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті қызметкерлері арасында Самбо күресінен өткен X чемпионатында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің атынан қатысқан үш бірдей ҚАЖ қызметкерлері: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы Қалам Абдуалиев 88 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Данияр Нуралин жүлделі екінші орынды, ал Әйтеке би аудандық пробация қызметінің инспекторы Азамат Бақтыбаев 98 келіден жоғары салмақта үшінші орынды қанжығасына байлап, жеңіспен оралған болатын.
ҚАЖ қызметкерлерінің республика чемпионаты қатарынан бірнеше жеңіспен оралуын үлкен жетістікке балаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов қызметкерлердің алдағы ірі жарыстарда да шеберліктерін шыңдай түсу керектігін айтып, спорттық жетістіктер тіледі.