Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция басшысы ҚР Чемпионатында жүлделі орындарға ие болған спортшы полицейлерді құттықтады

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев республикалық спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болған полицей-спортшыларды жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында өткен «Standart» тәртібімен карабиннен тәжірибелік ату бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына республиканың әр қаласынан 17 команда қатысты. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана қаласы ПД командасы, екінші орынды да елордалық команда, ал үшінші орынды Ақтөбе қаласының командасы иеленді.

Сондай-ақ Қостанай қаласында өткен Президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ чемпионаты мен «Динамо» ДШСҚ жеңімпаздары марапатталды. Жарыстар МТ-дан ату, жүзу, 100 метрге жүгіру және 3 км қашықтыққа кросс жүгіру бойынша өтті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана қаласы ПД құрама командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпаздары медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Елордалық полиция басшысы жеңімпаздарды құттықтай отырып, мықты қарсыластармен тартысты өткен шайқаста Астана полицейлері жоғары шеберлік, қайтпас ерік-жігер мен шынайы спорттық мінез танытқанын атап өтті.

Ату спортының аталмыш түрінің басты ерекшелігі – жоғары динамизм мен ұтқырлық, еркін стиль. Мергендер дәл және жылдам атуға, сондай-ақ қаруды басқаруға ғана емес, әр жаттығудың дұрыс жоспары мен тактикасын құруға, өз әрекеттерін есептеуге және қиындықтарды жеңе білуге қабілетті болуы керек.

Тәжірибелік ату – динамикалық спорт түрі. Онда қозғалуға, позицияны өзгертуге, қаруды ұстауға, кесіп өтуге және жүгіруге рұқсат етіледі. Әрбір жаттығу ату дағдыларын қатаң бақылауға жеткілікті. Ату кезінде спортшы қаруды алып, қайта оқтау, ату және барлығын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып орындауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру