Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

23 жастағы алматылықтан синтетикалық есірткі тәркіленді

23 жастағы алматылықтан синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамнан тәркіленген зат жалпы салмағы 0,58 гр.болатын мефедрон психотроптық заты болып шықты.

Ол «шөпті» өзі үшін сатып алғанын түсіндірді.

 – Патрульдік полиция қызметкерлері Volkswagen көлігін Пушкин мен Гоголь көшелерінің қиылысында байқады. Тексеру кезінде жүргізуші өзін күдікті ұстай бастады. Кейінірек мұндай іс-әрекетінің себебі анықталды. Жүргізушіде өзімен бірге есірткі заты болған. ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс аяқталғаннан кейін сотқа жолданатын болады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру