Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Киік мүйіздерін тасымалдаған ақтөбелік жазасын мәжбүрлі еңбекпен өтеуде

Киік мүйіздерін сақтап, тасымалдағаны үшін істі болған ақтөбелік жазасын мәжбүрлі еңбекпен өтеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Киік мүйіздерін сақтағаны, өткізгені және тасымалдағаны үшін сот үкімімен 5 жыл бойына аңшылықпен айналысу құқығынан айырылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат жазасын жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу бойынша өтеп жүр.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрған азамат күніне төрт сағаттан жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарды тазалаумен және саябақтарды абаттандыру жұмыстарымен жазасын өтейді.

– Әрине, өз жасаған ісіме өкінемін. Киік мүйізін сақтауға, өткізуге, тасымалдауға тыйым салынғанын біле тұра соған бардым. Енді жазамды мәжбүрлі еңбекпен өтеп жатырмын. Бұл маған үлкен сабақ болды, – дейді пробация есебінде тұрған азамат.

– Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Керісінше сот жүктеген міндетке сай өздеріне берілген жаза мерзімі бойынша еңбектерін тегін өтейді, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру